Вопросы и ответы

Акбажакова Куралай

Дата: 22.08.2019
Просмотры: 122 Печать страницы
Вопрос: Қайырлы күн, Іргелі ауылдық округі, кадастрлық нөмірі 03-047-117-239 жер телімін қала құрылысы құжаттары бойынша тексеру нәтижесінде анықталғаны, аталған жер телімі бас жоспар әзірленбеген, елді мекен шекарасына кірмейтін аумақта орналасқандығын хабарлайды. Осыған орай айқындайды, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңының 12 бабына сәйкес, меншiк иелерi не жер пайдаланушылар жер учаскелерiн құрылыс салу үшiн (коммуникацияларды жүргiзу, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру және учаскенi жайғастырудың басқа да түрлерiн қоса алғанда) пайдалануды тек қана Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасына сәйкес және нысаналы мақсатын немесе сервитутты, аумақты аймақтарға бөлудi, қызыл сызықтарды және құрылыс салуды реттеу сызықтарын, құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту және оны пайдалану қағидаларын сақтай отырып жүзеге асыра алады. Сонымен қатар, Заңның 1 бап 1 тармақ 13 тармақшасына сәйкес, жобалау құжаттамасы дегеніміз қала құрылысының жобалары - аумақтар мен елдi мекендердi немесе олардың бөлiктерiн ұйымдастыруды, дамыту мен салуды кешендi қала құрылысын жоспарлау жөнiндегi түпкi ойдан (Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақты дамытудың аймақаралық схемалары, аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешендi схемалары, елдi мекендердiң бас жоспарлары, нақты жоспарлау жобалары, өнеркәсiп аймақтарын жоспарлау жобалары, құрылыс салу жобалары, объектiлер мен кешендердiң бас жоспарлары, абаттандыру және көгалдандыру жобалары, өзге де жоспарлау жобалары) тұратын жобалар. Заңның 47 бап 1 тармағына сәйкес, елдi мекендердiң аумақтарын дамыту және оған құрылыс салу белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылады, ұқсас талап Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 109 бап 1 тармағында көрсетілген, қалалардың, кенттердiң, ауылдық елдi мекендердiң барлық жерi олардың бас жоспарларына, егжей-тегжейлі жоспарлау мен құрылыс салу (ондай жобалар болған жағдайда) жобаларына және аумақтың жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес пайдаланылады. Сонымен қатар, «Қарасай ауданының сәулет және қала құрылысы» ММ-і, өз тарапынан, «Алматы облыстық сәулет және қала құрылысы» ММ-не, Кемертоған ауылының солтүстік бөлігіне нақты жобалау жоспарын әзірлеу бойынша ұсыныс жолдады. Ағымдағы уақытта аталған өтініш құзыретті органмен қарастырылуда деген жауап келген Алматы облысының әкімнің жеке блогына жазылған өтініште осындай жауап келген.Сіз басқарып отырған мемлекттік мекеме тарапынан қандай жұмыстар жүргізіп жатқандығын жауап берсеңіздер?

Ответ: Қайырлы күн! «Алматы облысының сәулет және қалақұрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Кемертоған ауылының солтүстік бөлігіне нақты жобалау жоспарын әзірлеу бойынша сұратылған өтінішінізді қарастырып, келесіні хабарлайды.
Кемертоған ауылының бас жоспармен біріктірілген нақты жобалау жоспарын 2015 жылы «Урбостиль» ЖШС-гі әзірлеп 22.12.2016 жылы Қарасай аудандық мәслихатының №10-5 шешімімен бекітілген. Бас жоспармен біріктірілген нақты жобалау жоспарының есептік мерзімі 2035 жылға дейін жоспарланған.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 47-1 бабына сәйкес бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы толық іске асырылғанға дейін қолданылады және бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік, мәдени және бірегей объектілерді салу мақсатында қолданыстағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету қажеттігіне байланысты жағдайларды қоспағанда, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілмейді.
Сонымен қатар, ҚР 3.01-00-2011 «Қалақұрылыстық құжаттамаларды әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі туралы» ҚНжЕ 4.1.3.1.17 тармағына сәйкес өзгерістер енгізу үшін бекітілген тәртіпке сәйкес келісімдерден өту арқылы қалақұрылыстық құжаттаманы бекіткен органның шешімі және бюджеттік өтінім қажет.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.